ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов Лига Кеңесінде сөз алып, Премьер-Лига клубтары штатына дене шынықтыру дайындығын жүргізетін бапкерлерді енгізуді ұсынды.
«Сіздерді осы маусымнан бастап енгізгелі отырган маңызды шешімімізбен таныстырғымыз келеді. Алдымен бірнеше ойлармен бөлісіп алайық.
Біздің футболшыларымыздың көпшілігіне ортақ мәселе техникалық дайындықтық жеткіліксіздігі екенінен хабардарсыздар. Техника негіздері ойыншыда алғашқы дайындықтар барысында қалыптасады, яғни бала күнінде техникалық қоры қалыптаспаған ойыншыға оны жастар футболынан үлкен футболға өткен соң сіңіру мүмкін емес.
Дегенмен оған қарсы бір шара бар, физикалық дайындықты арттыру арқылы бұл кемшілікті біршама жоюға болар. Сіздер клубтарымыздың европалық кубоктық турнирлер матчтарында физикалық мүмкіндігінің жеткіліксіздігін немесе Қазақстан футболшыларының матчтың 60-ыншы, 70-інші минуттарында беріліп қойып, қателіктерге бас ұратындығын байқаған боларсыздар.
2012 жыл маусымынан бастап Премьер-Лиганың барлық клубарына өз командаларына физикалық дайындық жүргізетін бапкер қабылдауды міндеттейміз. Бұл жаңалықты ойдағыдай іске асыру мақсатында осы маусымның өзінде Неміс футбол одағынан келген серіктестеріміздің көмегімен жалпы көлемі 72 сағатты қамтитын 3 арнайы семинар өткізбекпіз. Өздеріңіз білетіндей, Германия футболшылардың физикалық дайындығы жөнінен үлкен, жемісті тәжірибе жинақтаған. Барлық жастағы неміс ойыншыларының жоғары физикалық дайындығы Германия футболының визиттік карточкасына айналғандай.
Бұл жаңалықтың енгізілуіндегі ерекшелік деп семинарға жолдама алып, кейін клубтарға жұмысқа семинар алдында «А» категориялы УЕФА бапкерлік лиценциясы бар тек қана қазақстандық бапкерлер қабылдана алады».