Жарнама
Жарнама

Саят Сариев: Мен Рауан үшін қуаныштымын

25.03.2012, 05:51
Жарнама
Жарнама

Футбол тарихын парақтасаңыздар ағайынды ойыншылар жөнінде біршама мәлімет ала аласыздар. Кезінде Кәрі құрлықты дүр сілкіндірген Брайан мен Микаэль Лаудруптар, бүгінде футболдың болашағына баланатын Рафаэль мен Фабиоларда ағайынды аяқдопшылар.

Ел футболының тарихында да ағайынды ойыншылар кезігіп жатқан. Олар – Сейілда және Сейітжан Байшақовтар. Сейілда ағамыз өзінің шеберлігі арқылы бүткіл Кеңес одағын мойындатса, Сейітжан ағамызмыздың футболда жолы онша бола қоймаған. Сол ағаларымыздың ізін басып бүгінде ағайынды Саят және Рауан Сариевтер өсіп келеді. Сөз жоқ, Рауанды футболдың меккесіне саналатын Бразилияға барып, сол жақта «Атлетико-Минейромен» келісім-шартқа отырғасын жұртшылық жақсы біледі. Ал отамызда қалып, қазіргі таңда «Жетісу» командасының намысын қорғап жүрген Саятты бірі білсе, бірі білмес. Ағайынды аяқдопшылардың екеуі де ел футболының болашағына баланып отыр. «Жетісу» жартылайқорғаушысымен болған сұқбатымыз оқырман қауымның үлкен қызығушылығына бөленеді деген ойдамыз.

Ең алдымен өзіңнің футболға келген алғашқы жылдарыңды айта кетсең? Рауан екеумізді 14 жасымызда әкеміз футбол мектебіне алып барды. Ол кездегі алғашқы жаттықтырушым Ахмет Барзукаев деген кісі болды. Сол кісіден оқып-тоқығаным өте көп болды. Менің футболда сәтті өнер көрсетуіме Ахмет ағаның да үлесі орасан зор десем артық айтқаным емес шығар. Аладоптағы алғашқы қадамыңды Рауан екеуің бастадық дедің. Алғашқы жетістіктеріңе де Рауан екеуін бірге қол жеткізген шығарсың? Ия. Біз Рауан екеуміз әрқашан бірге ойнайтынбыз. Жасөспірімдер арасында бірнеше турнирлерді де бірге жеңдік. Бір қызығы, Рауан менен кіші болса да, сол кезден бастап-ақ менен мықты ойнайтын. Алғаш футболға кадам басканында алаңның қай шебінде ойнадың? Орталық қорғаушы болып ойнадым. Кейін шабуыл шебіне ауыстырды. Онда да тәп-тәуір ойнадым. Ал бірінші Лигада ойнап жүргенде оң қапталдағы жартылай қорғаушы рөлін берді. Үлкен футболға аяқ басқаннан кейін алғашқы матчыңды мәңгілік есте сақтап қалған боларсың? Сол туралы айтып берсең … Үлкен футболдағы алғашқы ресми кездесуімде «Оқжетпеске» қарсы ойнадым. Ол кездегі бапкеріміз Ваит Талгаев мені ойын бітуіне 30 минөт қалғанда шығарды. Алаңға кіре қатты қобалжыдым. Бірақ дәл сол сәтте командамыздың капитаны Айдар Күмісбеков маған қолдау беріп, ойынды жап-жақсы аяқтадым. Алдағы маусымда да алдарыңа биік мақсат қойған шығарсыңдар? Біздің мақсат барлық ойындарда тек жеңіске жету. «Жетісу» алдағы маусымда Еуропа Лигасында өнер көрсетеді. Сеніңше ,бұл турнирде талдықорғандық команда қаншалықты сәтті ойнайды. Қанша белестен өте алады? Енді біз Еуропа Лигасында небәрі ұзақ ойнау үшін барлығын жасаймыз. Дәл қазір қай кезеңге дейін шығатынымызды дөп басып айта алмаймын. Қатарластарыңнан қандай айырмашылығың бар? Менің өз қатарымдағы футболшылардан еш айырмашылығым жоқ секілді. Барлығымызда бірдей жағдай. Жаттығуларымыз да ұқсас мәнерде өтеді. Негізі маған жас ойыншылардың ішінен Бауыржан Байтананың ойын үлгісі керемет ұнайды. Ол өте жылдам, салқынқанды ойыншы. Қазақстан жастар құрамасының тізгінін Слобадан Крмаревич ұстағаннан сені құрамадан көрмейтін болдық. Достастық кубогінде де, жуырда өткен беларусь құрамасымен жолдастық кездесуінде де сені көрмедік. Неге? Мүмкін жаңа бапкерге менің ойыным ұнамай қалған шығар. Жаңа айттың ғой, елімізде талантты ойыншылар өсіп келеді. Бірақ, мен құрамаға шақырту алмадым деп қарап қалмаймын ғой. Өзімнің ойынымды жақсатуға тырысамын. Мүмкін сол кезде Слобдан Крмаревич құрамаға шықыртып қалар. Саған қай позицияда ойнаған ыңғайлы. Футбол бастаған кезінде орталық қорғаушы міндеті ме, әлде шабуылдың бас қасында жұретін жартылай қорғаушсы міндеті ме? Негізінен оң қапталдағы қорғаушы болып ойнағым келеді. Жастар құрамасында мен сол позицияда ойнағанмын. Содан бері қатты ұнайды. Дегенмен ол менің қолымда емес. Бапкер мына жерде ойнайсың десе, сол жерде ойнай беремін. Өткен маусымның үздік ойыншы атағын Үлан Қонысбаев алды. Сенің ойыңша Ұлан бұл атаққа лайықпа? Әрине, лайық. Ұланның Түркияға салған голы керемет болды. Оның үстіне ол өнер көрсететін «Шахтер» чемпион болды. Ал сол қарағандылық ұжымды алтынға сүйреген ойыншылардың бірден-бірі Ұлан болды. Егер сенің еркіңде болса, бұл атақты Ұланнан басқа кімге берер едің? Командаласым, Серікжан Мұжықовқа Інің Рауан «Атлетико-Минейромен» шартнама жасасқан соң, еліміздегі газет-журналдардың бәрі сол туралы жазып кетті. Бұл жанұяларына қалай әсер етті? Айтарлықтай қатты әсер өткен жоқ. Дегенмен ата-анамыз үйде отырып күнде уайымдайды. Рауанның жағдай қалай екен? Не істеп жүр екен? Жаттығулары қалай болып жатыр. Менімше әке-шешеміздің уайымдағаны да орынды. Өйткені әрбір ата-ана баласы үйден щамалы ұзақтаса уайымдайды емеспе? Рауанды қазір әлем футболы таниды. Саған ініңнің көлеңкесінде қалып қойдым деген ой келмейді ме? Жоқ. Мүлде олай ойламаймын. Мен қайта інім Бразилияда ойнайды деп мақтан тұтамын. Футболдағы арманың қандай? Менің арманың ел біріншілігін ұтып, Қазақстанның негізгі құрамында ойнау. Әңгімеңе рахмет. Сұхбаттасқан: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров