“SD Familу” бапкері қызметінен кетті

Бірінші лигада бақ сынап жатқан “SD Family” ұжымының бас бапкері Егор Иванович өз еркімен орнын босатты.

“SD Family” ұжымын 2022 жылдың ақпан айынан бері жаттықтырып келе жатқан Егор командамен бірге Екінші Лиганың күміс жүлдегері атанып, алғаш Қазақстан Кубогының 1/8 финалына шықты.

Онымен қоса, бас бапкердің көмекшісі Руслан Доспаевта қызметінен кетті. Ол Ивановичке қарағанда клубта бір жыл артық жұмыс жасады. 

Команда келесі кездесуін Бірінші Лиганың 10-туры аясында “Таразға” қарсы сырт алаңда өткізеді. Ойын 7 маусымға жоспарланған. 

Материалда: