«Аякс» шабуылшысы Себастьян Аллер Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Бенфикаға» қарсы өткен алғашқы ойында (2:2) гол соқты.
27 жастағы шабуылшы осы маусымда Чемпиондар лигасында дебют жасап, барлық жеті ойында мергендігімен көзге түсті - бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Бұған дейінгі рекорд Чемпиондар лигасындағы алғашқы бес матчында гол соққан Алессандро Дель Пьеро, Диего Коста және Эрлинг Холандқа тиесілі еді.
Сондай-ақ ивуарлық шабуылшы Чемпиондар лигасының бір маусымындағы алғашқы жеті матчта ең көп гол соққан футболшы ретінде тарихқа енді.
Айта кетейік, Аллер Чемпиондар лигасының осы маусымында 7 матч өткізіп, 11 гол соқты және үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET