Жарнама
Жарнама

Сегізбаев сыйлығы чемпионаттың ең үздік ойыншысына беріледі 

13.05.2021, 04:35
Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы чемпионатқа дә осы аңыздың есімі берілді
Жарнама
Жарнама

Аты аңызға айналған футболшы және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың туған күні - қазақстандық футбол үшін ерекше күн. Бүгін Тимур Санжарұлы 80 жасқа толар еді. Тимур Санжарұлы ұлттық футбол тарихында ұмытылмас із қалдырды. Оның керемет ойыны мен тамаша бапкерлік жұмысының арқасында миллиондаған отандастарымыз футболға ғашық болды. 

Тимур Санжарұлы өз өмірін футболға арнады, ол - қазақстандық спорттың аңызы. Оның ойынға деген адалдығы мен сүйіспеншілігі қазақ футболы тәрбиеленушілерінің барлық ұрпақтарына нағыз үлгі болып табылады. 

Тимур Санжарұлының тамаша ойын мансабын, жаттықтырушылық және басқарушылық қызметтегі жетістіктерін құрметтеу мақсатында аты аңызға айналған Тимур Сегізбаевтың есімін маусымның соңында Қазақстан Чемпионаттың үздік ойыншысына берілетін номинацияға тағайындау туралы шешім қабылданды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров