Жарнама
Жарнама

Сейдағаңның спартакиадасы

15.04.2011, 19:15
Жарнама
Жарнама
Осы жылдан бастап Туризм және спорт министрлігінің Спорт істері жөніндегі комитеті 14-19 маусым күндері Шымкентте БАҚ өкілдері арасында көрнекті жазушы Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған рес­публикалық спартакиада өткізетіндігін хабар­лайды. Бұрын Алматыда өткізіліп келген бұл спартакиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, елімізде бұқаралық ақпарат құралдары арасында бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салты мен спортты халық арасында насихаттап, спартакиада арқылы ең үздік өнер көрсеткен БАҚ командаларының өкілдерін анықтау. Спартакиада екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдары арасында іріктеу жарыстары өткізіледі. Ол жарыстарды республикалық БАҚ пен жергілікті туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармалары өздері ұйымдастырады. Спартакиаданың бірінші кезеңінің бағдарламасына финалдық кездесуде болатын спорт түрлері кіреді. Өңірлік спартакиадаға аудандар мен қалалардың құрама командалары қатыса алады. Осы кезең біткен соң республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдары мен жергілікті туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы жарыстың қорытындысын министрліктің Спорт істері жөніндегі комитетіне ұсынады. Материалдар мына телефон және факс арқылы қабылданады. 8 (7172) 75 31 49, 75 35 19 немесе оларды nur-78@bk.ru электронды поштасына жіберуге болады. Спартакиаданың екінші кезеңінің жарыстарына бірінші кезеңде іріктеуден өткен республикалық БАҚ, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының құрама командалары қатыса алады. Жарыстарға кемінде 1 жыл өтілі бар меншіктің бар­лық түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері жіберіледі. Бірінші кезеңдегі жарыстарға облыстық, Астана және Алматы қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармалары жауапты болса, финалдық кездесулердің өтуін Туризм және спорт министрлігі Спорт істері жөніндегі комитеті өз мойнына алады. Аталмыш додаға командалар дәрігердің анықтамасы, жарысқа қатысу жөнінде мандаттық комиссияға ұсынған өтініші болған жағдайда жіберіледі. Жарысқа Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелері, ел чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысушылар, кәсіпқой спортшылар жіберілмейді. Спартакиаданың жеңімпаздары жалпы командалық есеп, команданың жекелеген спорт түрінен көрсеткен нәтижелері мен әр адамның жекелеген көрсеткіштеріне қарай анықталады. Спартакиадаға қатысуға өтініштер Туризм және спорт министрлігі Спорт істері жөніндегі комитеті, облыстық, Астана және Алматы қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармаларына жіберіледі. Министрліктің мекен-жайы: Астана қаласы, Абай көшесі, 33 а. Тел/факс: 8 (7172) 75 35 19, 75 31 49. Жарысқа қатысуға өтініш білдірген команда мандаттық комиссияның отырысына әр спорт түрі бойынша жасалған өтініштерін, жеке және қызметтік куәліктерді, жұмыс орнынан берілген анықтаманы көрсетуге міндетті. Спартакиаданың бағдар­ламасына спорттың бес түрі кіреді. Олар – волейбол, шағын футбол, шахмат, дойбы және үстел теннисі. Волейбол жарысына 6 негізгі және 3 қосалқы құрамдағы адамдар қатысады. Әрбір кездесу 25 ұпай алғанша екі жеңіске дейін жалғасады. Егер есеп 1:1 болса, үшінші кезеңде 15 ұпай сарапқа салынады. Шахмат, дойбы жарысына екі ер адам және бір әйел адам қатысады. Жарыстар ФИДЕ ережесі бойынша өтеді. Шағын футболға 9 ойыншы жіберіледі (5 негізгі және 4 қосалқы құрамдағы адамдар). Әр кездесу 20 минөтке созылады. Әр тайм 10 минөттен. Үстел теннисіне әр командадан екі адам қатысады. Онда бір ер адам және бір әйел адам болуы керек. Дастан КЕНЖАЛИН.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров