Сейдахмет «Зенит» сапында алғашқы кездесуін өткізді
16.02.2017, 21:07
Жарнама
Жарнама
«Зенит» клубының екінші құрамында байқауда жүрген жамбыл футболының түлегі Еркебұлан Сейдахмет петерборлық команда сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.
Еркебұлан Сейдахмет «Зенит U-21» — «Локомотив U-21» жолдастық кездесуінде негізгі құрамда шығып, 45 минут ойнады. Отандасымыз бұл ойында сәтті өнер көрсетті. Жолдастық кездесуде жерлесіміз пенальти әкеліп, командасының 1:0 есебімен жеңіске жетуіне өз септігін тигізді.
Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет Гранаткин мемориалының үздік шабуылшысы атанған. Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сол турнирде тарихи екінші орынға қол жеткізді.
Нұрсұлтан Оразымбет