Жарнама
Жарнама

«Сельта» селт еткізді! «Барселона» тең түсіп қалды

28.06.2020, 04:00
«Барселона» кезекті ойынын тең ойнады.
Жарнама
Жарнама

Бірінші таймда Луис Суарес Лео Мессидің пасынан гол салды. Екінші таймда Федор Смолов таразы басын теңестірді. Ресей құрамасының шабуылшысы өткенде бірінші голын "Реал" Мадрид қақпасына соққан. Алайда, Мессидің пасынан кейін Суарес "Барсаны" қайтадан алға шығарды. Ал ойынның 85 минутында Жерар Пике айып алаңының маңында ойын тәртібін бұзды. Яго Аспас Тер Штегенді алдап соқты. Есеп 2:2. "Барселона" турнирлік кестеде "Реалдан" 1 ұпай ғана озып тұр. Ал "Реал" Мадрид өзінің кездесуін әлі өткізген жоқ.