"Селтик" клубының бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңіндегі "Қайратқа" қарсы өтетін жауапты матч туралы ойымен бөлісті.
"Біз ешқашан қарсыласымызды төмен бағалаған емеспіз, әрқашан құрметпен қараймыз. Әрбір футболшы мен әрбір бапкер дәл осындай турнирдің топтық кезеңінде ойнауды армандайды. Егер біз тек салдарын ойлай берсек, өзімізді тығырыққа тірейміз. Сол себепті өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Бізде келесі кезеңге өтуге тамаша мүмкіндік бар.
"Ливингстонға" қарсы ойындағыдай матчты бақылауда ұстап, жақсы қорғануымыз керек. Бізде ешқандай сылтау жоқ. Өйткені өткен аптада "Қайрат” та ұзақ жол жүріп келген болатын. Алматыдағы ауа райының ыстығын да түсінеміз. Бірақ бұл жағдай екі команда үшін де бірдей.
Бүгін кешке алаңды байқап көреміз, жеңіл жаттығу жасаймыз. Ертең ойын өтеді. Әрине, қысым болатынын сезіп тұрмыз, бірақ біздің басты мақсатымыз өзімізді барынша жақсы қырынан көрсету. Біз жанкүйерлер күткен нәтижені сыйлау үшін барымызды саламыз. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнағымыз келеді. Біз соған лайықпыз, әрі тәжірибеміз де жеткілікті."– деді Роджерс.
Біздің серіктес: FONBET