Жарнама
Жарнама

“Селтик” дағдарыс алдында. Басшылықтың бейқамдығы жанкүйерлердің ашуын туғызуда

25.08.2025, 22:00

Британдық Daily Record басылымы Шотландияның "Селтик" клубының басшылығын қатаң сынға алды.

Peter Lawwell - “Селтик” басшысы
Жарнама
Жарнама

Хью Кивлинс пікірінше, клуб қиын жағдайға тап болды. Себебі басшылықтың амбициясының жоқтығы мен сәтсіз трансферлік саясаты командаға ауыр соққы болып тиген.

Журналист атап өткендей, бас бапкер Брендан Роджерс клубтың ішкі саясатының "құрбанына” айналды. Команда шешуші кездесуге негізгі ойыншыларынан айырылған күйде шығып, сапалы ауыстыруларсыз қалған. Әсіресе қорғаныс пен шабуыл шебінде үлкен мәселелер байқалады.

Кивлинстің айтуынша, қазіргі "Селтиктің” құрамы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға ғана емес, тіпті Шотландия чемпионы атағын қорғауға да жеткіліксіз болуы мүмкін. Жанкүйерлер де клуб саясатына қарсы наразылығын ашық білдіріп, өзгерістер талап етуде.

"Селтик” пен "Қайрат" арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталған болатын. Жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров