“Селтик” Шотландия Премьер-лигасы аясында “Ливингстон” ұжымымен кездесті.
Матчтың анық фавориті ретінде алаңға шыққан “Селтик” қонақ команданы 3:0 есебімен сенімді жеңді. Матч барысында кельттер сапынан Бен Нюгрен дубль және Кенни Джонни мергендік танытты. Сол арқылы “Селтик” үшінші кездесу қатарынан 3 ұпайға қол жеткізді. Жалпы Брендан Роджерс аталған ойынға екінші құрамның ойыншыларын қосты.
Бұған дейін Скотиш Премьершип турнирінде “Абердин” мен “Сент-Мирреннен” басым түскен болатын.
“Селтик” ұжымы Алматылық “Қайраттың” еурокубоктегі қарсыластарының бірі. Бұл ұжымдар арасындағы Глазгоде өткен матч 0:0 есебімен аяқталған болатын. Қарымта кездесу 26 тамыз күні еліміздің оңтүстік астанасында өтеді. Аталған дұптың жеңімпазы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады.
Айтпақшы, “Қайратта” қарымта ойынға дейін ішкі чемпионат матчын өткізуі тиіс болған. Алайда “Оқжетпес” пен Федерация қолдауымен чемпионаттың 22-тур ойыны 31 тамызға ауысты.
Біздің серіктес: FONBET