Жарнама
Жарнама

«Селтик» - «Қайрат» арасындағы ойын күтпеген нәтижемен аяқталды

21.08.2025, 02:03

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде сырт алаңда Шотландияның «Селтигімен» кездесті.

Жарнама
Жарнама

Алғашқы тайм тартысты өтті. Әсіресе қорғаныста жатады деген қонақтар көбірек қауіп төндірді. Тіпті Александр Мартынович гол соққанымен, ол офсайдқа байланысты есепке алынбады. Екінші тайм басында алаң иелері біоден шабуылға шықты. Джеймс Форресттің тепкен добын қақпашы қайтара білді. Алаң иелері үздіксіз прессинг жасағанымен, шотландиялықтарға еш нәтиже әкелмеді. Кейін Александр Заруцкий жарақат алып, оның орнына Темірлан Анарбеков шықты. Ол қалған уақытта еш қобалжымай, тең есепті сақтап қалуға көмектесті.

Жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

«Селтик» (Глазго, Шотландия) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 0:0

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: