Жарнама
Жарнама

“Селтик” капитаны: “Біз” “Қайраттан” мықтымыз, басымдық бізде”

20.08.2025, 15:00

"Селтик" капитаны Каллум Макгрегор алдағы "Қайратпен" болатын ойын алдында пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

“Біз барлығына дайынбыз. маусымды жақсы бастадық және сенімді түрде алға жылжып келеміз. Бұл біз үшін өте маңызды матч, әсіресе өз алаңымызда өткізетінімізді ескерсек. Сол артықшылықты барынша пайдаланғымыз келеді. Ең бастысы екі ойында да жеткілікті нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге өту. Клубтың мақсаты Чемпиондар Лигасында ойнау. Бұл футболшылардың да, клубтың да қалауы. 

Бұл деңгейде барлық қарсыластар мықты, сондықтан әрқайсысына құрметпен қарау керек. Бірақ Глазгода басымдық бізде.” — деді Макгрегор .

Матч бүгін Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Ал қарымта кездесу 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров