Шотландияның «Селтик» клубының капитаны Каллум Макгрегор оптимизмін жоғалтпай, өз командасының Алматыда «Қайратқа» қарсы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта ойында жеңіске жететініне сенеді, деп хабарлайды AlaDop.kz.
Глазгода өткен алғашқы матчта қос тарап гол соға алмай, кездесу тең аяқталды. Бұған дейін алаң иелері Қазақстанға сапар алдында есепте айқын басымдыққа қол жеткізуді мақсат еткенін бірнеше рет мәлімдеген еді.
— Бізден Чемпиондар лигасына шығуды күтіп отыр, өйткені осы уақытқа дейін жақсы ойнадық. Жақсы нәтиже — жанкүйерлердің үлкен үмітін тудырады. Ал сол үміт ақталмай қалса, сұрақтар туындайды. Біз өзімізге де, өзгелерге де сұрақ қоя аламыз. Бірақ бәрі өз қолымызда. Біз қайтадан бірігіп, Чемпиондар лигасына шығуымыз керек. Бұл екі матчтан тұратын қарсыласу, сондықтан біз Қазақстанға барып, жеңіске жетуіміз қажет. Команда бұған қауқарлы екеніне сенемін, — деді Макгрегор BBC Sport Scotland-қа берген сұхбатында.
— Әрине, жанкүйерлердің бізді сыбай күңкілін естідік. Қазір бәрімізге бірлікте болу өте маңызды. Әркім өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, бір мақсатқа жұмылуы тиіс. Біз маусымды жақсы бастадық. Иә, бүгін бәрі ойдағыдай болмады. Бірақ бізде келесі матч бар, әрі қарай өту мүмкіндігімізді сақтап қалдық, — деп қосты ол.
Біздің серіктес: FONBET