Кеше Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Шотландия чемпионы «Селтик» алматылық «Қайрат» немесе «Слован» (Словакия) жұбының жеңімпазымен кездесетін болды. Осы орайда назарыңызға шотландиялық ұжымның «Қайрат» жайлы жазбасын ұсынамыз.
«Қайраттың» негізі 1954 жылы қаланған. бар. Қазақстанда 4 мәрте чемпиондық атақты және 10 рет Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
«Селтик» үшін 11 мың шақырымдай ұшу жолы, уақыт белдеуіндегі 4 сағаттық айырмашылық, жаздың аптап ыстығы және теңіз деңгейінен биіктігі сияқты қиындықтар бар.⠀
Клубтың кадрлық саясаты тәжірибелі қазақстандық ойыншылар мен Оңтүстік Америкадан, әсіресе Бразилиядан келген легионерлерді үйлестіре отырып құрылған.⠀
«Қайраттың» жарқ еткен жас жұлдызы - 17 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев. Ол клуб тарихындағы ең жас гол соққан ойыншы ретінде танылып, бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікті. 2026 жылы ол «Челси» клубына рекордтық трансферлік сомаға ауысады.
Алайда алматылық клубтың еурокубоктаға тәжірибесі мол емес», – делінген Theсelticstar.com сайты.
Біздің серіктес: FONBET