Жарнама
Жарнама

«Селтик» клубының ең қымбат қорғаушысы «Қайратқа» қарсы ойнай алмайды

23.08.2025, 11:59

Шотландиялық «Селтик» клубында Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіндегі шешуші матч алдында алматылық «Қайратқа» қарсы кездесуге байланысты кадрлық қиындықтар туындады.

Жарнама
Жарнама

The Scottish Sun басылымының хабарлауынша, бас бапкер Брендан Роджерс қорғаныстың негізгі ойыншыларының бірі Алистер Джонстонның қатардан шыққанын растады. Бұл футболшының Transfermarkt.world сайтының бағалауынша, 9,6 млн еуро тұратын еді.

Канадалық оң қаптал қорғаушы Қазақстан клубына қарсы алғашқы ойында санынан жарақат алып, ойынды жалғастыра алмаған болатын. Енді ол шамамен үш ай футболдан тыс қалады. Бұл жағдай оның Алматыдағы қарымта ойынды да, алдағы «Рейнджерспен» болатын дербиді де өткізіп алуына әсер етпек.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесу «Селтик Парк» стадионында күтпеген жерден 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта матч 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама иесін анықтайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: