Шотландиялық ұжымды қолдау үшін Алматыға фанаттардың бір тобы келіпті.
Айта кетейік, ертең, 26 тамыз күні Алматының Орталық Стадионында “Қайрат” пен “Селтик” арасындағы қарымта кездесу өтеді. Матч елорда уақытымен 21:45-те өз бастауын алмақ.
Айтпақшы, “Селтик” клубын маңызды ойында қолдау үшін Глазгодан 300-ге жуық жанкүйер келген екен.
Еске салсақ, бұл қос ұжым арасындағы алғашқы ойында 0:0 есебі тіркелген болатын. Ертеңгі ойында жеңіске жеткен ұжым Чемпиондар Лигасының ортақ кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, Шотландия астанасында болған алдыңғы кездесуде “Қайратты” қолдауға еліміздің атынан 100 жанкүйер стадионда болған еді. Олардың көбісі Глазгоға көршілес жатқан Бирмингем шаһарынан келді.
Біздің серіктес: FONBET