Шотландиялық "Селтиктің" бұрынғы капитаны Юхан Мьельбю "Қайратқа" қарсы өткен плей-офф кезеңінің алғашқы матчы туралы ойымен бөлісті.
"Селтик" допты көбірек ұстағанымен, жеңіс әкелетіндей айқын сәттер жасай алмады. Ал "Қайрат" тамаша қорғанды.” – деді Мьельбю TNT Sports арнасына берген сұхбатында.
Мьельбю сонымен қатар Шотландиялықтардың тек Дортмундтық “Боруссияға” қарсы өткен кездесуді есепке алмағанда былтырғы сырт алаңдағы тәжірибесіне сүйенуге болатынын атап өтті.
"Бәлкім, Роджерске сәл прагматик болған дұрыс шығар.” – деп түйіндеді ол.
Біздің серіктес: FONBET