Петербор командасының "Динамо" Махачкалаға қарсы кешегі кездесуі Сергей Семак үшін маңызға ие болды.
Кешегі демалыс күнінде “Зенит” ішкі чемпионат аясында “Динамо” Махачкаланы 4:0 есебімен жеңді. Аталған матч бапкер Сергей Богданұлы Семак үшін Петербор бапкері қызметіндегі 300 ойын болып тіркелді. Осыған орай, “Зенит” жасы 50-ге келіп қалған маманға клубтың мерейтойлы жейдесін табыстады.
Жалпы Сергей Семак “Зенит" жүйесінде 2018 жылдан бері қызмет жасап келеді. Содан бері ол көк-ақтармен бірге 6 рет Ресей чемпионатын, 2 рет Ресей Кубогын және 5 рет Ресей Суперкубогыне қол жеткізді.
Айтпақшы, кешегі РПЛ кездесуін отандасымыз Нұралы Әліп қосалқы құрамда бастап, ойынның 68 минутында Андрей Мостовойды алмастырды.
Біздің серіктес: FONBET