32 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиев Премьер-Лигаға қайта оралған ақтаулық ұжымда тағы бір маусым өткізеді.
Тәжірибелі футболшы “Каспий” ұжымының Астанадағы ОЖЖ белсене қатысуда. Елорда жерінде Нұрғалиев Ақтау командасымен бірге 16 қаңтарға дейін тұрақтайды.
“Теңізшілер” сапында жартылай қорғаушы өткен маусым қорытындысы бойынша 16 матч өткізіп, 4 гол соқты. Еске салсақ, 2022 жылы Еркебұлан аталған командамен Премьер-Лигада 9 орын алып еді.
Айта кетейік, Бірінші Лиганың екі дүркін чемпионы өз мансабында “Оқжетпес”, “Спартак” Семей, “Алтай”, “Ертіс”, “Ақжайық”, “Шахтер”, “Ақтөбе”, “Елімай” ұжымдарында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET