Қазақстандық «Семей» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Францияның «Этуаль» командасымен күш сынасты.
Кездесу барысында семейліктер жылдам шабуылдап, есеп ашты. Олар қарқындарын төмендетпей, бірінші таймда 3:0 есебімен алда тұрды. Әйтсе де француздар екінші таймда таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп: 3:4.
Енді қазақстандық команда үшінші топтағы соңғы ойынын 1 қарашада «Пальма» (Испания) клубына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, кеше «Семей» клубы «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген еді.
Біздің серіктес: FONBET