Жарнама
Жарнама

“Семей” футзал клубы Чемпиондар Лигасындағы кезекті матчын өткізді

Аслан Смақов командасы польшалық "Пьяст" ұжымымен тең тарқасты.

Жарнама
Жарнама

“Абай Аренада” өткен ойын семейліктер үшін сәтті басталды. Матчтың 6 минутында Дедезиньо жылдам гол соқты. Одан кейін ол 35 минутта дубль авторы атанды. Бірақ оған дейін Герейханов есепті 3:0-ге жеткізді. Алайда қонақ команда 35 минутта 40 минутқа дейін қатарынан 3 доп соғып, сырт алаңда тең нәтижемен қайтты.

Ендігі бар мәселе 5 желтоқсан күні “Гливице Аренада” шешілетін болады. 

Айтпақшы, бүгін сағат 23:55-те “Қайрат” Бельгия жерінде “Андерлехтпен” бақ сынаспақ. “Alfasoon Indoor” аренада болатын матчты “Qazsport” телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: