Жарнама
Жарнама

Семейде атақты футболшы Серғазы Рымбаевты еске алу турнирі өтті

11.02.2012, 18:36
Жарнама
Жарнама
Семейде атақты футболшы баршаға танымал бапкер Серғазы Рымбеавты еске алуға арналған мини-футболдан дәстүрлі турнир өтті. Өз уақытында Серғазы ағамыз жергілікті «Спартак» футбол клубында өнер көрсетсе, кейін бапкерлік тізгінді ұстаған. Қашанда кең пейілдігімен ерекшеленетін Рымбаев аймақта футболдың дамуына айтарлықтай үлес қосқандардың бірі. Сондықтан да жыл сайын қаланың әуесқой командалары бұл турнирде бас қосып күш сынасады. Бұл жолы 4 лигаға бөлінген 38 команда кім мықтыны анықтады. Үш аптаға созылған тартысты бәсекеде «Қазмұнайгаз» футболшылары көш басынан көрінсе, 1-ші лигада «Рубин» командасы ерекше ілтипатқа бөленді. Ал Ардагерлер лигасына келетін болсақ, бұл жерде әрине, «Азат» және «Халық» командалары чемпиондық атаққа лайық екендіктерін дәлелдеді. Александр БОРИСОВ, ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: - Спартактің қазіргі ахуалы көңіл көншітпейді, әрине. Бірақ қала тұрғындары футбол десе ішкен асын жерге қояды. Мен қаланың басты командасы еңсесін көтеретіндігіне сенемін. Біз оларды әрдайым қолдаймыз. http://khabar.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров