Қазақстанның “Семей” футзал клубы Чемпиондар лигасының негізгі раундына қатысады.
“Семей” төрт командалық топта өнер көрсетеді. Қарсыластары – Чехияның “Хрудим”, Францияның “Этуаль”, және Еуропаның қазіргі чемпионы, Испанияның “Пальма” клубтары.
Барлық ойындар Пальма-де-Майорка қаласындағы “Сон Моиш” спорт кешенінде өтеді. Бұл арена өткен маусымда “Пальманың” чемпиондық жорығы басталған әйгілі алаң саналады.
Матч кестесі
• 29 қазан, 20:30 — “Семей” – “Хрудим”
• 30 қазан, 20:30 — “Этуаль” – “Семей”
• 1 қараша, 23:30 — “Пальма” – “Семей”
Құрам мен тәжірибе тұрғысынан топ өте күрделі. Чехиялық “Хрудим” – Еуропадағы ең тәжірибелі клубтардың бірі, ал “Пальма” – қазіргі құрлық чемпионы және турнир фавориті. Францияның “Этуалі” де соңғы жылдары футзал деңгейін айтарлықтай көтерген команда.
Біздің серіктес: FONBET