"Елімай" футбол клубы акционерлік қоғамы өз акцияларын сатуды жалғастыруда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Offside.kz мәліметінше тағы 200-ден астам адамның клуб акционері болып отыр. Бұл жолы акцияларды Metal Mining компаниясының қызметкерлері сатып алған.
Клуб басшылығының айтуынша, акцияларды халыққа қолжетімді ету – аймақ футболын қолдаудың нақты және тиімді тетігі.
"Өңірдің кез келген жанашыры клубтың бір бөлігіне айналып, өз үлесін қоса алады. Ең бастысы – әр адамның қатысуы команда болашағына ықпал ететінін сезінуі. Бұл – жай ұран емес, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған, қауымдастықтың күшін көрсететін нақты біріктіру механизмі.” – делінген клуб мәлімдемесінде.
Біздің серіктес: FONBET