Жарнама
Жарнама

Семир Смайлагич: «Қазақстан Суперкубогі біздің алғашқы трофейіміз болмақ»

19.02.2021, 04:16
«Астана» Суперкубоктің жартылай финалында «Шахтермен» ойнайды
Жарнама
Жарнама

"Астанамен" келісім-шартқа отырған шабуылшы Семир Смайлагич баспасөз қызметіне берген сұхбатында клуб пен ел туралы білетінін, сондай-ақ алдағы маусымға арналған жоспарларын айтты:

- Мен Қазақстан туралы көп білмеймін, бірақ оның әдемі ел екенін көрдім. "Астана" - үлкен клуб, мен клубтың Еуропа Лигасындағы ойындарын көрдім, тағы да еурокубоктерде ойнаймыз деп үміттенемін!

- 2021 жылғы маусымнан сен не күтесің?

- Әрине, біз бәріміз үшін ішкі чемпионатта да, еурокубоктерде де жеңіске жетіп, маусымның сәтті болғанын қалаймыз.

- 2 аптадан кейін жаңа маусым шымылдығын түреді, Қазақстан Суперкубогінің ойындары басталады. Сен осы ойындардан не күтесің?

- Мен "Астананың" Қазақстан Суперкубогін жеңіп ала алатынына және ол биылғы жылы біз үшін алғашқы титулға айналатынына сенімдімін.

- "Астана" сапында қандай нөмірмен ойнағыңыз келеді?

- Маған 99-нөмір ұнайды, егер ол бос болса, сол нөмірді алғым келеді

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров