Жарнама
Жарнама

Сенегал құрамасы Африка ұлттар кубогінің иегері атанды

07.02.2022, 14:15
Садио Мане бастаған жігіттер тарихта алғаш рет осы кубокті жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

Сенегал құрамасы Африка Ұлттар Кубогінің финалында Египетті жеңді. Кездесу Яунде қаласындағы (Камерун) Поль Бийя стадионында өтті. Негізгі және қосымша уақытта гол соғылмады, ал пенальтилер сериясында сенегалдықтардың бағы жанды.

Сенегал 7-минутта есеп ашуы мүмкін еді, бірақ Садио Мане пенальтиден мүлт кетті. «Ливерпуль» шабуылшысының соққысын мысырлық қақпашы Мохамед Абугабаль қайтара білді. Ал пенальти сериясында 4:2 есебі тіркелді.

Мане Африка кубогінің үздік ойыншысы атанды. Ол бұл турнирде жеті матчқа қатысып, үш гол мен екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Ал бес матчтың үшеуінде қақпасына гол жібермеген Эдуард Менди үздік қақпашы деп танылды. Үздік сұрмерген атағы сегіз мәрте мергендік танытқан Камерун шабуылшысы Венсан Абубакарға бұйырды.

Осылайша, Сенегал тарихта алғаш рет Африка кубогін жеңіп алды. Египет аталмыш турнирде осыған дейін жеті рет топ жарып, рекорд орнатқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров