Аладоп десе сабыры сарқылып, төзімі таусыла қалатын, есі кетіп, ақылы ауыса қалатын, Алматыда аладоп «жүр» десе Арқадан ат арытып жететін, теңбіл доптың тықыры естілсе жұдырықтай жүректері сол доптай домалап ала жөнелетін Алаштың аладоп құмар азаматтары...
Ес біліп ел танығалы бері; теңбіл доптың тізгінін тартып тебуге жарағалы бері әлем футболының әр кезеңіне куә болып келеміз. Жасыл алаңда тайдай тулаған теңбіл допты ауыздықтап, тоқым салып төртөбелдей мініп жүрмеседе, құрдым мойынна құрық салып, құрық үстіне сырық салып қарсылас қақпасының қақ төріне апарып байлап қоятын темір аяқ, көр тақым шабандоз футбошыларды жанкүйерлер жақсы көреді.
Бүгінгі футболың перісі Роналду мен Месси ғой ! Сол Роналдудың суретін рамкасымен көтеріп жүрген; Мессидің суретін місе тұтпай мүсінін арқалап жүрген; Каканың күлкісіне ғашық болып, Балотеллидің басбұзарлығына еліктеп жүрген ессіз жанкүйер, сіз бен біз алғаш аладоп сиқырына арбала бастаған кезде осы жұлдыздар әлі бесіктен басы шықпаған, тіпті ауызына тісі шықпаған сәби шығар-ау...
Бірақ, бұлар жоқтада да біздің бір «сүйеріміз» болғаны шындық қой. Ендеше, сол жас жүрегіңізді жарып шыққан футболдағы «бала ғашығыңыз» кім?
Әзілдеп айтқаныммен әріден айтып отырмын деп ойлаймын. Сағынышқа айналған сол бір сүйкті жандарды және бір еске алайық. Сонымен сіздің «сүйіктіңіз» кім еді?
Мүмкін ол...
Сыртқы пленаталық «қасқа тіс»- Роналдо
Бернабеудің «жүзік патшасы»- Рауль
Милион жүректің баураушысы- Бекхэм
Португалия алтын дәуірінің пірі- Фигу
Герман машинасының маторы - Баллак
9-шы ағай – Индзаги
Голландия ханзадасы- Бергкамп
Айып алаңының алпауыты - Руд Ван Нистелрой
Рим папасы - Тотти
Италия футболының жүрегі - Пирло
«Зебраның» зеңбірегі - Недвед
"Арсеналдың" мәңгілік мақтанышы - Анри
«Ақсүйектердің» ақылшысы - Лэмпард
«Қызылдардың» жүрек қаны - Джерард
Әдемі финттердің академигі - Роналдиньо
Миланның мергені - Шевченко
Испанияның үлкен миы - Хави
Сол аяқтың сойқаны - Ривалдо
Арыстан патша - Кан
Бір дәуірдің футбол ұстазы - Зидан
Желмен жарысқан жас дәурен - Оуэн
Африка аңызы - Дрогба
Италия королы - Баджо
Соққысы сұрапыл - Карлос
Қуанышхан ӨМІРХАН