Ресейлік ардагер футболшы Александр Мостовой «Қайрат» - «Реал» кездесуі жайлы пікірімен бөлісіп, болжамын берді.
Алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінде 2-тур аясында испаниялық команданы қабылдамақ. Бірінші турда Рафаэль Уразбахтиннің командасы «Спортингтен» 1:4 болып жеңілген еді.
«Мұнда барлығы «Реалдың» құрамына байланысты болады. Егер алаңға Мбаппе, Винисиус, Гүлер шықса алаң иелерінде әрине ешқандай мүмкіндік қалмайды. Ал егерде «корольдік клубтың» көшбасшылары ойынды жіберіп алса – мүмкіндік болады. Жеке өз басым, «Қайрат» футболшыларының алаңда жанын беріп, алысатындарына сенімдімін және түптің-түбінде тең нәтижені жұлып алып жатса да таңқалмайтын едім. Алаң иелерінің сол үшін ойнайтындығына да күмән жоқ. Жалпы, кубоктерде неліктен төменгі лигалардың командалары фавориттерден басым болып жатады? Өйткені, өлермендік пен талпыныс шеберлік пен деңгейдегі айырмашылықты жойып жіберуі ықтимал», - деді А. Мостовой «Overbetting.ru» сайтына берген сұқбатында.
«Қайрат» - «Реал» арасындағы матч бүгін 21:45-те басталады.
Біздің серіктес: FONBET