“Атырауға” келіп қалуы мүмкін жас шабуылшы Олег Никифоренко “Раднички Наш” командасында алаңға шығуға мүмкіндік алды.
2026 жылдың басында Сербияға қоныс аударған Олег “Спартак” Суботицаға қарсы Суперлиганың 27-тур ойынының екінші таймында алаңға шықты (0:2, жеңіліс). Ол өз отандасы Александр Шестюктың орнын басты.
Бұған дейін бапкер Такис Лемонис Никифоренконы бірде-бір ойынға қатыстырмай, футболшыны тәжірибесіз қалдырған болатын. Бірақ соңғы екі күнде Олег командамен жақсы байланыс орнатып, бапкерлік штабтан қолдау алды. Сондықтанда, белорус Қазақстан чемпионатындағы “Атырауға” әлі ауыса қоймас. Болмаған күннің өзінде, Никифоренко мансабын отанында жалғастыруға мүмкіндігі бар.
2001 жылғы шабуылшы кәсіби карьерасында "Динамо" Брест, "Рух", "Ислочь", "Динамо" Минск, БАТЭ, МЛ Витебск командаларында Беларусия Жоғары Лигасында 109 матч өткізіп, 21 гол мен 16 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET