Сербиялық легионер: "Қазақстандық клубтар Ресейліктерге еліктейді"

19.02.2024, 10:55

Бұрын ҚПЛ-де өнер көрсеткен Владимир Джилас қазақ клубтарының жағдайы күшті деп бағалайды. Сербиялық шабуылшы "Ақтөбе" мен "Ордабасыда" доп тепкен. 

“Мен ол жақта айлығын ала алмай жүрген ешкімді кезіктірмедім. Бұл жағынан Қазақстандық командаларда барлығы керемет. Ондағы клубтардың бюджеті ауқымды. Қазақстандық клубтар Ресейдің командаларына еліктейді. Мен “Ордабасыда” жүргенде Еуропа лигасынан “Ягодинаны” ұшырып жібердік” – деген сербиялық легионер ҚПЛ туралы ойын ортаға салды.