Жарнама
Жарнама

Сербиялық әмбебап футболшы “Каспий” сапын толықтырмақ

Бүгін, 15:20

Ақтаулық клуб тәжірибелі қорғаушы Лука Чермельді қатарына қосты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Лука — жасыл алаңда бірнеше позицияны қатар алып жүре алатын көпқырлы футболшы.

30 жастағы ойыншы Сербия, Өзбекстан және Қазақстан біріншіліктерінде шыңдалған.

Бойы – 1.86 метр. Ол танымал футболшы Мирослав Чермельдің ұлы.

Өткен 2025 жылғы маусымда Чермель Түркістанның "Тұран” сапында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-лигасында ол 9 ойынға қатысып, қорғаушы болса да 1 гол соғып үлгерген.

Ол, орталық қорғаныста ғана емес, сол қанатта және тірек аймағында да сенімді ойнай алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров