Жарнама
Жарнама

Сербия мен Ресейде доп тепкен қазақстандық футболшы «Ақсу» командасына ауысты

22.03.2021, 03:20
Жас футболшы өткен маусымды ресейлік «Носта» сапында өткізді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жартылай қорғаушы Изат Құлжанов алдағы маусымды Бірінші лигада бақ сынайтын "Ақсу" командасында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ол өткен маусымда ПФЛ-де өнер көрсететін "Носта" (Новотроицк) клубында доп тепті. Құлжанов аталған клуб сапында төрт ойын өткізіп, қысқы маусымаралық үзіліс кезінде командадан кетті.   

Изат бұған дейін Сербияда "Раднички" клбының құрамында жаттыққан болатын. Алайда, кейінірек Ресейге аттану туралы шешім қабылдады.

19 жастағы жартылай қорғаушы - Павлодар футболының түлегі. Ол 2019 жылы Екінші лигада "Ертіс" жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен. Құлжанов сол маусымда 33 ойынға қатысып, сегіз гол соққан еді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров