«Ақтөбенің» ресейлік бұрынғы шабуылшысы Сергей Давыдов ешқашан шетелде ойнамағанын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Бұл ақпаратты ресейлік ойыншы «Футбольная кухня» телевизиялық бағдарламасында айтты. Бағдарлама жүргізушісі Виктория Лопырева Давыдовтан шетелде ойнап-ойнамағанын сұраған болатын, бұған «Торпедоның» форварды Ресей чемпионатынан бөлек еш жерде өнер көрсетпегенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Давыдов 2013 жылы қазандық «Рубиннен» «Ақтөбеге» жалға берілді. Батысқазақстандықтар сапында 16 ойын өткізіп, 2 гол соққан болатын.
«PROСПОРТ» порталынан