Жақында ғана Латвия чемпионатына ауысқан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Гридин «Спартак» (Юрмала) сапындағы алғашқы голын соғып үлгерді.
Латвия біріншілігінде «Гулбене» «Спартактан» 0:3 есебімен жеңіліп қалған. Сергей Гридин үш голдың біреуін өз атына жазды.
Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы футболшының соңғы клубы шымкенттік «Ордабасы» болатын.