Жарнама
Жарнама

Сергей Хижниченко: «Біз Албаниямен тең дәрежеде ойнай аламыз»

15.11.2020, 16:52
Черногориямен болған матчта Хижниченко негізгі құрамда шыққан еді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Ұлттар лигасының алдағы Албанияға қарсы матчы туралы пікірін білдірді:

- Ұлттық құрама сапында 50 матч өткізу үлкен мәртебе болды. Голдың көп болғаны жақсы еді, бірақ менің ойымша, әлі де гол соғуға болады. Қарсылас мықты. Көптеген ойыншыларының Италияда және басқа Еуропа чемпионаттарында ойнайтыны жасырын емес.

Бірінші ойын біздің олармен тең жағдайда ойнай алатынымызды көрсетті. Бізді тек оң нәтиже қанағаттандырады. Біз жеңіс үшін ойнаймыз. Жауынгерлік көңіл-күйдеміз. Сізді Ұлттық құрамаға шақырған кезде басқа көңіл-күй болуы мүмкін емес. Бұл абырой. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз, барлығы керемет. Черногориямен болған матчтағы нәтиже (0:0) керемет көңіл-күй сыйлады. Сондықтан, жанкүйерлерді қуанту үшін күрескіміз келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров