Сергей Малый "Ақтөбеге" қарсы кездесу туралы айтты

13.05.2024, 08:02

Қазақстан құрамасы мен "Ордабасының" қорғаушысы Сергей Малый "Тобылды" жеңген сәтті ойыннан кейін сұхбат берді

Сергей Малый мен командаластары

Өткен матч пен шымкенттік команданың жоспарлары жайлы пікірін білдірген С. Малый 9-шы турда "Ақтөбеге" қарсы болатын бәсеке туралы да тоқталды. 

"Өте қиын кездесу, қазір барлық қарсыластар осал емес, бізге қарсы жақсы дайындықпен шығатын болған. Бізді қолдау үшін келетін жанкүйерлерге ерекше алғыс. Шын, егер осылай қолдай беретін болса, тек  ең жоғары орындарға таласатын боламыз. Ал жалпы ойын біз күткендей-ақ өте күрделі болды. Тәуба, өз добымызды соғып, қақпаны голдан сақтап қалдық. Жеңіске жете алдық. Қазір біздің жағдай сондай, ұпай жинауымыз керек. Сондықтан, қандай көңіл-күйде болуымыз қажет? Тек қана жеңіске жету үшін алаңға шығамыз. Тек осылай, болды",- деді былтырғы ҚПЛ чемпионының орталық қорғаушысы. 

Естеріңізге сала кетейік, кешегі орталық матча шымкенттік команда  "Тобылды" қабылдап, Артем Бесединнің тура соққысының арқасында жеңіс тойын тойлады. Қос команда 8 турдан кейін 12 ұпаймен 5-6-сатыларға жайғасқан. Бірінші орында бұл турда "Қызыл-Жарды" ұтқан "Ақтөбе" келеді. Дмитрий Парфенов командасының еншісінде 14 ұпай бар.