Жарнама
Жарнама

Сергей Малый: «Әлі ештеңе шешілген жоқ»

25.03.2022, 06:24
Малый бүгін тамаша гол соғып, команданың жеңісіне үлкен үлес қосты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдоваға қарсы өткен алғашқы матч (1:2) жайлы пікір білдірді:

- Қайырлы кеш! Ойынның қиын болатынын білдік, өйткені біз сырт алаңда ойнадық. Матчқа дейін қарсыласты талдап, олардың мықты және әлсіз тұстарын білдік. Ойынға көп күш жұмсайтынымызды да жақсы түсіндік. Кездесуге жақсылап дайындалдық және ойлаған нәтижеге қол жеткіздік. Енді босаңсуға уақыт жоқ, екінші матчқа дайындалуымыз қажет. Себебі әлі ештеңе де шешілмеді және біз мұны жақсы түсінеміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров