Сергей Малый болашағына қатысты шешім қабылдады

22.01.2023, 00:59


Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малыйдың мансабы қайда жалғасатыны белгілі болды.

Сергей "Тобылдағы" келісімшартын ұзартты. Бұған дейін ол, "Астанаға" кетеді деген ақпараттар қауөсет болып шықты. Ойыншы қостанайлық ұжымда 1 жылға тұрақтамақ ниетте.

Малый "Тобыл" үшін өткен маусымда 23 ойын өткізіп, 4 гол салған болатын. Қорғаушы қостанайлық ұжымда 2020 жылдан бері доп теуіп келеді.