Сергей Малый “Дифферданжға” қарсы кездесуге қатыспайды

“Ордабасы” қорғаушысы Сергей Малый Дифферданжға қарсы Конференция Лигасының қарымта ойынын өткізіп алады.

Сергей турнир аясында өткізген үш кездесуде де сары қағазбен жазаланды. Жарыс регламентіне сәйкес, 2-ден көп ескерту алған футболшы келесі кездесуіне жіберілмейді. Жазасын осылайша өтейді. 

Жалпы еурокубоктік турнирлерде Малый 50 ойын өткізіп, 2 гол соққан. 

“Ордабасы” - “Дифферданж” арасындағы қарымта ойынды ертең сағат 20:00-де тамашалай аласыз. Еске салайық, қос ұжым текетіресінің алғашқы бөлігінде люксембургтық клуб шымкенттіктерден 1:0 есебімен басым түсті. 

 

Материалда: