Қорғаушы Уэльске қарсы бүгінгі кездесуінде кезекті сары қағазын алды.
Сергей бүгінгі ойынның 80 минутында Уэльс шабуылшысы тарапына қарсы дөрекі ойнап, испан төрешісінен сары қағазбен жазаланды. Осылайша қорғаушы Әлем чемпионатына іріктеудің екінші ойынын қатарынан сары қағазбен жазаланып, автоматты тұрғыдан келесі кездесуден шет қалды.
Еске салсақ, бұған дейін Малый ел құрамасының Македониямен 0:1 болып аяқталған матчының 50 минутында төрешіден ескерту алған болатын.
Айта кетейік, Әли Әлиевтің командасы келесі кездесуін 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгияға қарсы тұрады. Аталған матчта Сергейдің орнына Әлібек Қасым мен Ұлар Жақсыбаевты көруіміз мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET