«Тобылдың» 31 жастағы қорғаушысы Сергей Малый Молдоваға қарсы матчта (2:1) Қазақстан құрамасындағы 53-ші ойынын өткізді.
Луганск футболының түлегі Қазақстан құрамасы сапында ең көп кездесу өткізген алты ойыншының қатарына енді. Сондай-ақ Сергей кеше Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын соқты.
Малый ұлттық құрамада 2014 жылы 5 наурызда Литва құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:1) дебют жасаған болатын.
Қазақстан құрамасында ең көп матч өткізген ойыншылар тізімі (1992-2022 ж.):
1. Самат Смақов – 76 ойын;
2. Руслан Балтиев – 73;
3. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;
4. Юрий Логвиненко – 57;
5. Андрей Карпович – 55;
6. Сергей Малый – 53;
7. Сергей Хижниченко – 52.
Біздің серіктес: FONBET