«Тобылдың» қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасы аясында Әзeрбайжанға қарсы ойында (0:3) Қазақстан ұлттық құрамасындағы 60-шы ойынын өткізді, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.
Сергей Малый ұлттық құрамадағы дебюттік матчын 2014 жылы 5 наурызда Литваға қарсы жолдастық ойында өткізді.
Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылар:
1. Самат Смақов – 76 матч;
2. Руслан Балтиев – 73;
3. Сергей Малый – 60;
4-5. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;
4-5. Юрий Логвиненко – 58.
Біздің серіктес: FONBET