Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан құрамасының 30 жастағы қорғаушысы Сергей Малыймен келісім-шартты ұзартты, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Өткен маусымда Сергей чемпионаттың үздік ойыншыларының бірі болды, ол "Olimpbet-Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы" номинациясында үздік үштікке кірді. Жалпы алғанда, "Тобыл" сапында қорғаушы 26 матч өткізді. Екі гол мен бір нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Сергей командада 2021 жылдың соңына дейін доп тебеді.
Күні кеше команданың негізгі қорғаушысы Темірлан Ерланов "Тобылдан" кеткен болатын. Қазір қорғаушы "Ордабасы" клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Біздің серіктес: FONBET