Сергей Скорых: «Бастысы – алғашқы жарты сағатта төтеп беру»
25.03.2011, 19:55
Жарнама
Жарнама
Ұлттық құрама команданың жартылайқорғаушысы Германия – Қазақстан арасындағы ойынның алдында ҚФФ веб-сайты ұсынған сауалдарға жауап берді.
- Қортындыны есепке алмағанда, бұл матчтан не күтесіз?
- Тартысты ойын мен біздің жақтан көбірек шабуыл. Өкініштісі, жарақаттың кесірінен көптеген біздің талантты жігіттеройынға қатыса алмайды. Андрей Карпович пен Самат Смаковтардың тәжірибесі негізі бізге өте қажет еді.
- Қазақстан құрамасының басымдылығы неде?
- Менің ойымша, ылғыйда команданың ауыз бірлігі мен ойын тәртібінде. Бұл аталған жайттар бізге қарсыластарымызға төтеп беріп, қарсыластарымыздан кем түспеуге септігін тигізеді.
- Өткен жыйынға қарағанда матқа деген бұл жолғы дайындықта дайындық немістермен салыстырғанда айырмашылық бар ма?
- Негізінен, сондай үлкен өзгеріс байқамадым, әдеттегідей, Беларусиямен ойындағыдай дайынжалдық. Тактикалық және теориялық түрде де.
- Құрама қандай жағдайда жаттығу жүргізуде?
- Жағдайымыз, шүкір жаман емес. Команданың физиотерапевті Милош Барна керек десеңіз өзімен бірге емдеуге және қайта қалыптастыруға арналған аппараттарын ала келді. Қысқасы, ешқандайда мәселе жоқ.
- Өткен жылдың күзіндегі немістермен кездесуде 1-шi тайм 0:0 есебiмен айақталды. Сенбі күні бұл қиынға түсетін шығар?
- Бастысы – ойынның алғашқы жарты сағатында төтеп беруіміз керек, себебі олар ол уақытта қарқынды шабуылда болады. Бұл өте мықты, әлемнің үздік командаларының бірі екенін бәріміз түсінеміз. Бірақ бұл жолы Европаны таң қалдыра алатынымызға сенеміз. Бұған сенуіміз керек, әйтпесе алаңға шығудың еш маңызы жоқ.