«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Серхи Роберто мансабын «Атлетико Мадридте» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Diario Sport. Маусым соңында 30 жастағы футболшы еркін агент атануы мүмкін. Оның клубпен келісім-шарты аяқталып жатыр, ал «Барселона» жаңа үсыныс жасаған жоқ.
Бұған дейін «Барселона» президенті Жоан Лапорта испаниялық ойыншымен келісім-шартты ұзартуға жақын екенін айтқан болатын. Бірақ одан кейін келіссөздер туралы ешқандай ақпараттар шықпады.
«Атлетико» Робертоны қатарға қосуға дайын. Мадридтік клуб оған келісім-шарт ұсынып үлгерген екен.
Қазіргі уақытта испаниялық жартылай қорғаушы жарақатынан емделуде, сол себепті алаңға шықпай жүр.
Біздің серіктес: FONBET