Жарнама
Жарнама

Серхио Агуэро мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады

21.11.2021, 04:06
Нақты шешім қабылданып қойды.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» шабуылшысы Серхио Агуэро жүрек ауруына байланысты мансабын аяқтайды, деп хабарлады инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, келесі аптада арнайы баспасөз мәслихаты өтеді. Ол жерде 33 жастағы футболшы кәсіби мансабын аяқтағанын жариялайды.

30 қазанда Агуэро Испания чемпионатының 11-турында «Алавеспен» (1:1) болған матчта жүрегіндегі ауруға байланысты алаңнан кеткен еді.

Осы маусымда аргентиналық футболшы «Барселона» сапында барлық турнирлерде 5 матч өткізіп, бір гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров