Жарнама
Жарнама

Серхио Агуэро үш ай бойы алаңға шыға алмайды

02.11.2021, 15:25
Аргентиналық шабуылшының Испанияда жолы болмады.
Жарнама
Жарнама

«Барселона» шабуылшысы Серхио Агуэроның қанша уақытқа қатардан шығып қалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аргентиналық футболшы дәрігерлердің бақылауында. Жүрегіндегі ақауларға байланысты Агуэро кем дегенде үш ай алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды каталондық клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін аргентиналық шабуылшының бірнеше күн ауруханада болатыны хабарланған болатын.

Еске салайық, шабуылшы «Алавеспен» өткен кездесудің бірінші таймында жүрек тұсы ауырсынғандықтан орнын командаласына босатып берген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров