Жарнама
Жарнама

Серік 250 кездесу иесі атанды

06.08.2011, 19:14
Жарнама
Жарнама

Қызылорда футбол мектебінің тәрбиеленушісі, қарағандылық "Шахтердің" шабуылшысы Серік Досманбетов Қазақстан премьер-лигасында 250 кездесу өткізіпті. Серік Досманбетов алғашқы ойынын "Қайсар" клубында 1999-жылдың 13-қазан күні "Таразға" қарсы ойнапты. Бұл ойында қызылордалықтар "Тараз" клубын 6-1 есебімен ойсырата жеңіп, Серік болса алғашқы кездесуінде алғашқы добын қарсылас қақпасына сүңгітіпті. Ол "Қайсар" сапында барлығы 70 кездесу өткізіп, 9 гол салса керек. Сонымен қатар,  «Ақтөбе-Ленто» (26 ойын), «Ордабасы» (11 ойын), «Оқжетпес» (107 ойын, 22 гол), «Жетісу» (25 ойын, 3 гол), және «Шахтер» (11 ойын, 3 гол) сапында ойнапты.

Автор: Думан Балықбаев
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров