Бүгін ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізген қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов Израильмен болған матч жайлы пікір білдіріп, өз эмоцияларымен бөлісті:
- Толқу әлі басылмады. Көңіл-күй керемет. Өздеріңіз көргендеріңіздей, жігіттер мүмкіндік бола тұра, маға пас беріп, менің гол соққанымды қалады. Олардың ойынын құрттым десем де болады (жымиып). Жігіттерге, футбол федерациясына, бапкерлер құрамына алғысымды айтамын. Жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлағаныма қуаныштымын.
Жасыратыны жоқ, көзім жасқа толды. Өте әсерлі сәт болды. Көз алдымнан бүкіл футзалдағы ғұмырым өтпесе де, керемет сәттерді еске алдым.
Құрмет көрсетіп, сыйлағандары үшін рахмет. Өзім ойнаған "Қайрат" футзал клубына үлкен алғыс айтамын. Өйткені бұл команда футзалдағы алғашқы қадамдарымды жасауға мүмкіндік берді. Талай жеңістерге қол жеткіздік. Бас бапкерім Какаға, жанкүйерлерге және жігіттерге үлкен рахмет!
Біздің серіктес: FONBET